Департамент бастығы жеке қабылдау өткізді

13 Қыркүйек 2019, 22:40
2447
Бөлісу:
Департамент бастығы жеке қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смагулов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында негізінен заң талаптарын түсіндіру және құжаттандыру мәселелері бойынша 15 адам жүгінді.

Қабылдауда колония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударылды.  Сондай-ақ түзеу мекемелерінде болған төтенше жағдайды тексеру нәтижелерін қарады.

Кездесу соңында Миржан Нурмухаммедулы келіп түскен ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша түзеу мекемелерінің басшылырына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы