Бас жаңалықтар
Департамент басшысы елордадағы өрт қауіпсіздігі сақталмайтын нысандар туралы айтты
24 Ақпан 2021, 15:18 306

Департамент басшысы елордадағы өрт қауіпсіздігі сақталмайтын нысандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев елордадағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы өткен брифинг барысында айтты. 

Жатақханалар мен бизнес объектілері ретінде қайта жабдықталған, мақсаты «тұрғын үйді пайдалану» болып табылатын, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері еленбейтін 1360 жеке тұрғын үйдің өртке қарсы жай-күйі мәселесі ерекше өткір және ашық күйінде қалып отыр, барлық жерде өрттің туындауына нақты қауіп төндіретін уақытша схема бойынша салынған электр сымдары пайдаланылады. Үй-жайларды әрлеу үшін жанғыш материалдар пайдаланылады, олардың жануы жанудың қауіпті улы өнімдерінің бөлінуімен қатар жүреді. Көп жағдайда аталған тұрғын үйлерде көптеген азаматтар, соның ішінде аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардың жас балалары тұрады, - деді Базарбаев. 

Ол атағандай, аталған мәселе бойынша қалалық жер инспекциясымен бірлесіп «жер учаскелерін мақсатты пайдаланбау» мәселесі бойынша тынымсыз жұмыс жүргізілуде.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдама бере отырып, тұрғын үйді пайдалануға арналған жер учаскелерін нысаналы пайдаланбаудың 199 жағдайы анықталды, оның ішінде:бизнес объектілері ретінде 189 жағдай, жатақханаға ретінде қайта жабдықталған үйлер 10 жағдай. Тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы жалғасуда, оның құрамында 426 объектіде нұсқаулық өткізілді, - деді ол. 

Базарбаев департаментте есепте 7 680 нысан тұр, оның 2 968 - і жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы бақылауға жататынын айтты. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийдің қолданылуына байланысты осы санаттағы 1 848 объект тексерулерден босатылды. Осыған байланысты, өрттің алдын алу мақсатында өртке қарсы тексеру, сабақтар мен жаттығулар өткізу үшін бастамашылық өтініш білдіру мүмкіндігін түсіндіре отырып, ұсынымдық сипаттағы ақпаратты тапсыру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Алайда тек 8 субъектіден тексерулер мен сабақтар өткізу бойынша өтініштер келіп түсті, – деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...