COVID-19: Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қызметінен кетуі жалғасып жатыр

20 Сәуір 2020, 17:12
3657
Бөлісу:
COVID-19: Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қызметінен кетуі жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің бастығы Әнуар Сағымбаев өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына бұл қызметті уақытша атқару оның орынбасары Ләззат Есенғалиеваға жүктелді, - делінген хабарламада.

Ол бұл лауазымды қызметті 2019 жылдың тамызынан бастап атқарып келді.

Бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясын 12 адам жұқтырған.

Айта кетейік, 18 сәуірде Атырау облысының бас дәрігері Байтолла Ғазизов та орнын босатқан еді. Сонымен қатар, Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Айзат Молдағасимова да қызметінен кетті.

Өзгелердің жаңалығы