Денсаулық саласындағы заңнаманы ізгілендіру қажет – Қанат Төсекбаев

27 Мамыр 2020, 18:26
2040
Бөлісу:
Денсаулық саласындағы заңнаманы ізгілендіру қажет – Қанат Төсекбаев
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәрігерлердің мәртебесін тағы бір рет көтерді деп мәлімдеді Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев. 

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды бастауға тапсырма берді. Бұл шешім дәрігерлерге материалдық тұрғыдан және барлық денсаулық сақтау жүйесін "сауықтыру" жағынан көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені, жақсы жалақы, біріншіден, медициналық кадрларды сақтауға көмектеседі. Екіншіден, медицина қызметкерлерінің жақсы жалақысы денсаулық сақтау жүйесіне басқа салалармен тең бәсекелесуге көмектеседі. Үшіншіден, біздің жүйемізге жаңа кадрларды табуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Сонымен қатар, Қанат Дүйсенбайұлы Президент дәрігерлік қателіктер үшін жауапкершілік саласындағы заңнаманы ізгілендіру тақырыбына тоқталғанын айтты.
Шынында да, осы саладағы заңнаманы ізгілендіру қажет. Өйткені, менің ойымша, қылмыстық заңдардан әкімшілік заңнамаға бірқатар норманы ауыстыру менің әріптестерімнің күйзелісін жоюға көмектеседі, – деді орталық басшысы. 

Қанат Төсекбаев егер жұмыс орнында мамандарда шамадан тыс жүктеме мен күйзеліс аз болса, онда олардың жұмысқа деген қабілеті мен тиімділігі артатынын, адамның физикалық және моральдық жағдайы жақсаратынын айтады. Сонымен қатар, ол бұл шешім денсаулық сақтау жүйесіне жаңа кадрларды тартуға көмектесетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы