Бас жаңалықтар
"Денсаулық" және "Жәрдем" пойыздары 50 мыңнан астам адамға көмек көрсетті
05 Қараша 2019, 09:47 6001

"Денсаулық" және "Жәрдем" пойыздары 50 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Денсаулық" медициналық пойызы Қызылорда облысының 12 станциясы бойынша жұмысын аяқтады.

Пойыз дәрігерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар күрделі ауруларды анықтап, одан әрі емделу мен тексерілуге жолдамалар берді.

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Түркістан облысында жұмысын жалғастыруда. Дәрігерлер Қазақстанның әр аймағында экологияға және аймақтық ерекшеліктерге байланысты спецификалық проблемалы жағдайларды анықтап жатыр. Балалар мен ересектердің арасында анықталған аурулар сан жағынан да ауру дәрежесінің күрделілік деңгейі жағынан да өсіп жатыр.

Жиі кездескен аурулар қатарында - қант диабеті, гипертензия, ревматоидты артрит және онкологтың қабылдауында пациенттердің барлығында дерлік мастопатия белгілері анықталды. Қызылорда облысындағы медициналық тексерулерден 10 393 науқас өткен, оның ішінде - 554 бала. 

Медициналық пойыз кішігірім хирургиялық операциялар мен скринингтер жасау үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Осылайша, пойызда 312 шағын хирургиялық ота жасалды, 610 ЭКГ процедурасы, 617 УДЗ және 199 флюорография жасалды.

Үздіксіз қайталанатын эпилепсия ауруы бар бір бала "Ақсай" республикалық балалар ауруханасына жатқызылды. Ең көп таралған патология - темір тапшылығы анемиясы, балалардың 80%-ында кариес бар, балаларда ғана емес, ересектер де кездеседі, - деді медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медициналық университетінің балалар аурулары кафедрасының профессоры Татьяна Имамбаева.
Медициналық пойыз мамандардың кең спектрімен жұмыс істейтін клиникалары жоқ елдің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсетеді. Тұрғындар пойыз дәрігерлеріне емделуге, тексеруден өтіп, денсаулықты сақтау бойынша кеңестер алды. 
Денсаулық пойызы біздің Бекбауыл бекетіне келді. Мен барлық дәрігерлердің қабылдауында болдым. Дәрігерлердің қабылдауы мен тексеруі өте жоғары деңгейде. Дәрігерлердің көмегіне өте ризамын, - дейді Бекбауыл бекетінің тұрғыны Тоғжан Жүсіпова.

2019 жылдың 20 тамызында "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылған болатын. Ол "Денсаулық" пойызы сияқты медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғайдағы станциялар мен жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Екі пойыздың іске қосылу уақытынан бастап барлығы 50 000 астам адам тексерістен өткен.

Пойыз вагондары неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюорографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.


Фото: дереккөз
Загрузка...