Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасында жеңіске жетті

9 Тамыз 2019, 03:06
1479
Бөлісу:
Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасы жалғасуда. Ерлер арасында екі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

89 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Нұрғиса Әділетұлы мен Сұлтан Мейрам өзара бөліскен.

Ал 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Антон Антропов топ жарды. Күміс жүлдені Шыңғыс Сағындықов, қола медальді Рахат Бекболат иеленген.   

Өзгелердің жаңалығы