Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді

12 Желтоқсан 2019, 23:38
3531
Бөлісу:
 Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұз айдындағы шоуда атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен Денистің достары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Татьяна Волосажар мен Максим Траньков, Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже, Джереми Эбботт, Екатерина Гордеева және тағы да басқалар. Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, еліміздегі туризмді, басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.

Мұз шоуы елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде сағат 18:30-да басталады.

Өзгелердің жаңалығы