Қорғаушы: Денис Тенді тапсырыспен өлтірді деген ақылға қонбайды

4 Қаңтар 2019, 16:22
6169
Бөлісу:
Қорғаушы: Денис Тенді тапсырыспен өлтірді деген ақылға қонбайды

Алматы, baq.kz. Алматыда Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сот мәжілісінен шыққан соң сотталушы Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев журналистерге түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл қылмыс тапсырыспен жасалды деген қисынға келмейді.

«Бұл қылмысқа ешкімнің, үшінші, төртінші адамдардың қатысы барына дәлел жоқ. Мұнда адамды өлтіру құрамы жоқ. Көрдіңіздер ғой, телефондары, ақшасы, айфоны, көліктің айнасы бәрі қалған. Қарақшылық жасағысы келсе, сумканы босатып алып кетпей ме», - деді Жанар Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев.

Оның айтуынша, Жанар Толыбаева Теннің өлгенін Қапшағайда қыдырып жүргенде естіген.

Айыпталушы үш адам – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов и Жанар Толыбаева.

А. Құдайбергенов ҚР ҚК-ның 188-бабы (ұрлық), 2-бөлімі, 2-тармағы, 192-бабы (қарақшылық) 2-бөлімі, 1, 5-тармағы,  99-бабы (кісі өлтіру), 2-бөлімі, 7, 8-тармақтары бойынша, ал Н.Қиясов ҚР ҚК-ның 192-бабы (қарақшылық), 2-бөлімі, 1,4-тармақтары, 99-бабы (кісі өлтіру), 188-бабы (алдын ала келісім бойынша ұрлық жасау) 2-бөлімі, 1-тармағы бойынша айыпталды.

Еске салсақ, бұған дейін Денис Тенді пышақтағандар қылмысын мойындамаған болатын. Сонымен қатар, адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіруі мүмкін екенін айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы