Дене қызуын өлшеуіш құралдар жеткілікті – министр

2 Шілде 2020, 17:52
2390
Бөлісу:
Дене қызуын өлшеуіш құралдар жеткілікті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "КВИ таралмау мақсатындағы шаралар аясында карантин енгізу жоспары туралы" брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Кеше ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова кезекті брифинг барысында елордадағы медицина мекемелеріндегі дене қызуын өлшеуіш (градусник) құралдарының тапшылығына қатысты кейінірек толыққанды ақпарат береміз деген болатын. Осыған қатысты министр дене қызуын өлшеуіш құралдарының сынапты түріне қатысты ажиотаж туындағанын жеткізді.

Дене қызуын өлшеуіш құралдары нарықта да, бөлшек сауда желісінде де бар. Бұл құралдың тапшылығына байланысты дүрбелең құралдың сынапты түріне қатысты болды. Қазір нарықта оның өзге де альтернативті нұсқалары бар. Бұл сауал әлі де қарастырылып жатыр, - деді ол.

Министр сонымен қатар, COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу ережесіне енгізілген өзгерістің қандай негізде жасалғанын айтып берді.

Диагнозында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны туралы жазылған пациенттерді енді кез келген зиратта жерлеуге болады. Бұған дейін мұндай пациенттерді жерлеу үшін Алматы маңынан арнайы жер бөлінген еді. Осыған қатысты халық арасында наразылық туды. Біз мәселені қайта қарап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қайтыс болған адамдарды елдің кез келген зиратында жерлеуге болатыны туралы шешім қабылдадық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы