Демалыс және мереке күндері сауда орындары жұмыс істей ме?

15 Желтоқсан 2020, 13:45
1890
Бөлісу:
Демалыс және мереке күндері сауда орындары жұмыс істей ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде алдағы демалыс және мереке күндері өңірлердегі сауда орындарының жұмысына тоқталды. 

Демалыс және мереке күндері әр өңірдегі сауда орындары өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы тұрғанын ескерсек, елордада сауда орындары жексенбі күні жұмыс істемейді, ал қалған күндері сағат 18:00-ге дейін ғана рұқсат бар, - деді ол. 

Роза Қожапова сонымен қатар, мереке күндері қала сыртына шығуды жоспарлап қойған азаматтар не істейді деген сауалға жауап берді.

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұрғанына қарамастан, қаладан шығуға тыйым салынған жоқ. Қаладан шығуына тыйым салынған кейбір ұйымдардың қызметкерлеріне ғана болмаса, жалпы халықтың Нұр-Сұлтан қаласынан шығуына шектеу салынбады және ПТР анықтамасының болуы туралы талап та жоқ, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы