Демалыс лагерлерінің оқушылары әскери бөлімдерді аралады

16 Шілде 2019, 09:41
2040
Бөлісу:
Демалыс лагерлерінің оқушылары әскери бөлімдерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу орындарындарының базасында ашылған жазғы демалыс лагерьлердің тәлімгерлері Атырау, Ақтау және Ақтөбе әскери бөлімдеріне қонаққа барды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы «Шаттық», «Радуга» және «Жігер» мектептік жазғы лагерьлерінің оқушылары әскери бөлімдерге қонақ болып келуде. Іс-шараны ұйымдастырушылар әскерилердің өмірімен іштен көріп бақылау арқылы, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім оянып, туған жерге деген мақтанышы артып, Отанына қызмет етуге дайын болуға тәрбиелейді деген мақсат қойыпты. Іс-шараның барысында 300-ден аса оқушының әскери бөлімдерге келуі жоспарланған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

DSC_6970.JPG

Жалпы, оқушылар әскери өмірмен танысып, офицерлер мен сержанттармен сұхбаттасту барысында өздері үшін көптеген қызықты деректер мен мәліметтерді алды. Олар әскерге келіп түскен заманауи техникалар мен қару-жарақ үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін өз көзімен көре алды. Сонымен қатар, олар сарбаздардың үй-жайларын, оқу классатарын, спорт қалашықтары мен асхананы аралап шықты.

IMG_1305 (1).JPG

«Біздер бүгін нағыз әскери қызметшілердің өмірімен танысып, олардың қызметтерінің жоғары жауапкершілік пен ұдайы кәсіби даярлықты қажет ететініне көзіміз жетті. Келешекте міндетті түрде Отан алдымдағы борышымды абыроймен атқарып, нағыз ер азамат атануды алдыма мақсат етіп қойдым», - дейді Ақтау қаласының № 7 орта мектептің оқушысы Амангелді Ізбасар.




Өзгелердің жаңалығы