Бас жаңалықтар
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
19 Қыркүйек 2019, 08:22 257

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы жәрмеңкеге 65 тонна ет, 85 тонна картоп пен көкөніс жіберіледі, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 21-22 кыркүйекте Нұр–Сұлтан қаласындағы «Хан шатыры» орталығы маңында өтеді. Жәрмеңкеге 12 аудан мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.

«Жәрмеңкедегі өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы базарларының бағасынан 15-20 пайыз арзан болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 214,5 тоннаны құрайды. «Айс+» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Мартук сүт» ЖШС-і сүт өнімдерін, «Шыңғыс» ШҚ, «Абылай» ШҚ, «Шекшек Ата» АШК -і қымыз, шұбат, ешкі сүтін, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС-і ұн мен макарон өнімдерін, «СПК «Айбек» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС шұжық өнімдерін, «Изет Грин Хаус» ЖШС, «Гринхаус Казахстан» ЖШС-і қияр мен қызанақ апарады.

«Ет пен көкөніс көп апарылады. Сонымен қатар 10 тонна сүт, 5 тонна өсімдік майы, 13 мың дана жұмыртқа, 3 тонна балық тізімде бар. Сол күні жәрмеңкеде ақтөбелік өнерпаздардың концертін тамашалауға болады», - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...