Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады

19 Сәуір 2019, 17:10
1866
Бөлісу:
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +6+8 С шамасында болады деп күтілуде.

Ертең қалада қар жауып, жел күшейіп, ауа температурасы-3-5 С құрайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Синоптиктердің хабарлауынша ертең, 20 сәуірде қалада көшпелі бұлт шығады, түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Көктайғақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3 -5, күндіз +1+3°С.

21 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +6+8 С шамасында.

22 сәуірде де күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.  Сынап бағанасы түнде -1-3, күндіз +7+9 С көрсетеді.  


Өзгелердің жаңалығы