Бас жаңалықтар
Демалыста күн жылынады
22 Мамыр 2020, 14:18 317

Демалыста күн жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша 23-25 мамырда ауа райы жылы болады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан барлық дерлік аумақта жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады деп күтілуде. 

Алайда кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және батыста шаңды дауылдар сақталады. Тек 23 мамырда фронтальды бөлімдердің ықпалымен батыс өңірлердің кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...