Бас жаңалықтар
Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді
10 Қазан 2020, 09:23 101

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері театрландырылған қойылымдарды, экскурсиялар мен елорданың мәдени мекемелеріндегі онлайн кездесулерді тамашалай алады.

Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.

10 қазанда сағат 18:30-да Nomad City Hall-да театрдың III маусымының ашылуына орай М.Фрейннің «Театр 180 °» спектаклі өтеді.

Елорданың қуыршақ театры 10 қазанда сағат 14:00-де кішкентай көрермендерге арнап «А знаешь ли ты, что...?» және «Изучаем повадки животных» атты онлайн бағдарлама өткізеді. 22: 00-де балаларға кешкі ертегі көрсетіледі. Театрдың әлеуметтік желілеріне сілтеме: instagram.com/teatrkukolnursultanfacebook.com/teatr.kukol.astana 

10 қазанда сағат 19: 00-де «Жастар» театрында «Актерлар әлемі» ІІІ буын актерлерімен бірге әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция өтеді: instagram.com/zhastar_teatry; facebook.com/zhastar.theatry; youtube.com.

М. Горький атындағы драма театры 10 қазанда сағат 18.00-де Р.Кунидің «Смешные деньги» комедиясын ұсынады. Пьеса әлеуметтік желілерде көрсетіледі: youtube.com; youtube.com; instagram.com.

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалды кешенінде демалыс күндері «Алаш» залына экскурсия ұйымдастырылып, келушілер үшін «Лютый холод «АЛЖИРа» деректі фильмі көрсетіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...