Демалыс күндері ауа райы қандай болады

17 Қаңтар 2020, 12:37
1469
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атланттан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстандағы жылы аномальді ауа райы сақталады. Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С-қа жоғары болады. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарында бұрқасынмен қар, оңтүстік облыстарында жылбысқы қар тудыратын болады. Күндізгі ауа температурасы 0, минус 8°С, оңтүстікте плюс 3…минус 5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 м-ден төмен тұман сақталады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы