Демалыс күндері елордада тағы да шектеулер қойылады

26 Маусым 2020, 13:15
1299
Бөлісу:
Демалыс күндері елордада тағы да шектеулер қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Профилактика шараларын өткізуге байланысты демалыс күндері (27-28 маусым) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 29 маусымда (дүйсенбі) оралады, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.

Тек үй маңындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы