Қазақстаннан Делиге ұшатын рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

17 Сәуір 2019, 22:17
2323
Бөлісу:
Қазақстаннан Делиге ұшатын рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Делиге ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл ақпарат әуекомпанияның Instagram парақшасында жарияланған.

«Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінiң жабылуына байланысты «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Делиге рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатуға мәжбүр.

Билеттерді қайтару немесе серіктес әуекомпанияларының рейстеріне ауыстыру жөнінде call.centre@airastana.com электрондық поштасына жазуыңызды немесе +7 (727) 2444477, +7 (7172) 584477 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген «Эйр Астана» әуекомпаниясыInstagram парақшасында



Өзгелердің жаңалығы