Бас жаңалықтар
«Дельта» штамы бір елдерге ерте, бір елдерге кеш келеді – Бекшин
07 Қазан 2021, 13:11 10654

«Дельта» штамы бір елдерге ерте, бір елдерге кеш келеді – Бекшин

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Баспасөз мәжілісінде журналист «Алматыда вирустың кезекті толқыны орын алуы мүмкін бе?» деген сауал жолдаған болатын.

Оның айтуынша, толқын деңгейінде аурушаңдық көтерілуі мүмкін емес көрінеді.

Соңғы кездегі ақпараттар легіне байланысты Батыс Еуропада, Америка құрлығы мен Азия елдерінде жаңа мутацияға ұшыраған штамдар анықталуда. Соған байланысты осы жаңа толқындар басталуда. Бүкіл әлемді алаңдатқан «дельта» штамы бір елдерге ерте, бір елдерге кешігіп келе жатыр. Біздің қаламызға келер болсақ, көктемде үшінші толқыны өтті. Оның себебі –«альфа» штамы. Қазір біз төртінші толқыннан шықтық. Сондықтан біздің ойымызша, келешекте толқын деңгейінде аурушаңдықтың көтерілуі мүмкін емес. Ауа райының салқындауына байланысты шамалап көтерілуі ықтимал, - деді Жандарбек Бекшин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...