ДДҰ пандемия критикалық нүктеге жетті деп мәлімдеді

15 Сәуір 2021, 20:35
1975
Бөлісу:
ДДҰ пандемия критикалық нүктеге жетті деп мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англия екпе егудің жаңа кезеңін бастады. Дүйсенбі күні кешке ел тұрғындары 97 күнде алғаш рет достарымен бір дастархан басында жиналып, ас іше алды.

Англияда локдаун басталғаннан бері алғаш рет кафелер, мейрамханалар мен пабтардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді, бірақ ғимарат ішінде әлі тамақтануға болмайды, ал үстелдер ғимарат сыртына шығарылды. 

Германия үкіметі өңірлік билік органдарын айналып өтіп, елдің барлық аумағында карантиндік шектеулер мен коменданттық сағат енгізуге өз өкілеттіктерін кеңейту ниеті туралы жариялады. Бұл туралы заң Бундестагқа енгізілді. Осылайша, Берлин карантин ережелерінің біркелкілігін қамтамасыз етуге ниетті.

ДДҰ пандемия критикалық нүктеге жетті деп мәлімдеді. Өткен аптада індеттің таралу деңгейі 9% - ға өскен, мұндай өсім жеті апта қатарынан тіркеліп отыр, өлім-жітімнің де 5%-ға өскені байқалуда. 

Бұл біз жүретін бағыт емес және біз оған байыпты қарауымыз керек, - деді Мария ван Керхове, ДДҰ-ның COVID-19 бойынша техникалық басшысы.

Өзгелердің жаңалығы