Бас жаңалықтар
ДДСҰ коронавирустың рекордтық өсімін тіркеді
28 Қазан 2020, 12:00 158

ДДСҰ коронавирустың рекордтық өсімін тіркеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта ішінде әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 2,8 миллион адамға өсті. Жағдайлардың көпшілігі АҚШ, Үндістан және Францияда анықталған.

Өткен аптада әлемде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) эпидемиологиялық бюллетенінде айтылған.

19-25 қазан аралығында 2,8 миллион адамнан COVID-19 анықталды. Бұл пандемия басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. Бір аптада коронавирустан 40 мыңға жуық адам қайтыс болған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру әсіресе, Еуропа аумағында қарқын алып келеді, онда дәл осы уақыт аралығында COVID-19-дың барлық жаңа жағдайының жартысына жуығы тіркелді. Бір апта ішінде мұнда 1,3 миллионнан астам адамнан коронавирус анықтады — бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 33%-ға көп.

Өңірдегі апталық өсім бойынша алғашқы бестікке кіретін елдер көрсеткішісі төмендегідей:

Францияда – 217,7 мың;
Ұлыбритания – 148,5 мың;
Ресей – 114,5 мың;
Италия – 101,9 мың;
Бельгия – 90,8 мың.

Солтүстік және Оңтүстік Америкада бір аптада 884 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың жартысына жуығы — 436 мың жағдай АҚШ-та тіркелген. Бразилия мен Аргентинада коронавирус 153 мың және 103,7 мың адамнан табылды, Аргентинада тағы 103,7 мың адам инфекция жұқтырған.

Оңтүстік-Шығыс Азияда бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 445,8 мың адамға өсті. Жаңа жағдайлардың көпшілігі Үндістанға тиесілі – 370 мың.

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 43 миллион адамнан асты. Барлық жағдайлардың жартысынан көбі үш елде анықталып отыр – АҚШ (8,7 млн), Үндістан (7,9 млн) және Бразилия (5,4 млн).


Фото: дереккөз
Загрузка...