ДДСҰ коронавирусқа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

15 Қазан 2021, 18:21
5056
Бөлісу:
ДДСҰ коронавирусқа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияның саны туралы жаңа мәліметтерді жариялады.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 239 миллионнан асты. ДДҰ сайтында хабарланғандай, COVID-19 жұқтырудың расталған жағдайларының саны тәулігіне 463 378-ге артып, жалпы саны 240 135 079 құрады, аурудан қайтыс болғандар саны 7 638-ге артып, жалпы саны 4 889 370 адамға жетті. Инфекцияны жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ – 44 767 906, екінші орында Үндістан – 34 037 592, үшінші орында Бразилия – 21 612 237 адам.

Индонезия азаматтарды коронавирусқа қарсы иммундау бойынша жедел науқан жүргізуде. Үкіметтің хабарлауынша, вакцинаның алғашқы инъекциясын 104 млн азамат алған. Вакцинацияның толық курсынан 60,4 млн адам өтті. Ел билігінің егде жастағы адамдар мен жастарды COVID-19-дан вакцинациялаудағы күшейтілген жұмыстары Индонезия басшылығының назарында болмақ. 2021 жылғы 14 қазандағы мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері елде 4 232 099 инфекция тіркелді, 142 848 адам қайтыс болды.


Өзгелердің жаңалығы