ДДСҰ коронавирус вакцинасы қашан қолжетімді болатынын айтты

23 Шілде 2020, 13:38
2282
Бөлісу:
ДДСҰ коронавирус вакцинасы қашан қолжетімді болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Райанның айтуынша, даму үрдісіне қарамастан, препаратты алу мерзіміне қатысты реалистік көзқараста қалу керек.

Адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаға тек 2021 жылдың бірінші жартысынан кейін ғана қол жеткізе бастайды деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағдарламасының денсаулық сақтау саласындағы директоры Майкл Райан. Бұл туралы ria.ru жазды.

Райанның айтуынша, даму үрдісіне қарамастан, препаратты алу мерзіміне қатысты реалистік көзқараста қалу керек. Сондай-ақ, ол ДДСҰ вакцинаға жаппай қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Бұл пандемияға қарсы вакцина байлар немесе кедейлер үшін емес, олар барлығы үшін жасалып жатыр, - деді Райан.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде аурудың таралуы кезінде 14,5 миллионнан астам жұқтыру оқиғасы анықталып, 607 мыңнан астам адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы