ДДСҰ электронды темекінің таралуын азайтуға шақырды

28 Шілде 2021, 00:20
2285
Бөлісу:
ДДСҰ электронды темекінің таралуын азайтуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаһандық қоғамдастыққа электронды темекіге қоса электронды никотинді жеткізу жүйесі (ENDS) нарығын реттеуді күшейтуді ұсынды. Бұл туралы ұйымның есебінде айтылады, деп хабарлайды RT.

Электрондық темекілер балалар мен жасөспірімдерге жиі сатылуда. Бұл саладағы өндірушілер көбінесе түрлі тартымды хош иістерді қолдана отырып өнімнің пайдасынан гөрі зияны көп екендігін жасырады, – делінген хабарламада.

ДДСҰ сарапшылары осы өнімдерді пайдаланатын балалар болашақта темекі өнімдерін үш есе көп қолданатын болады деп алаңдайды. Ұйым үкіметтерге темекі шегудің алдын алу және болашақ ұрпақты қорғау үшін тиісті ережелер қабылдауға кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы