ДДСҰ әлемдік апат туралы ескерту жасады

18 Қаңтар 2021, 20:43
1632
Бөлісу:
ДДСҰ әлемдік апат туралы ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус әлем моральдық апаттың алдында тұр деп санайды. Ол бұл мәлімдемені Атқару комитетінің отырысында айтты, деп жазды ұйымның Twitter парақшасы.

Мен турасынан айтамын: бүкіл әлем апатты жағдайда моральдық қателік жібергелі тұр және бұл қатенің бағасы адам өмірі мен әлемнің ең кедей елдерінде өмір сүру мүмкіндігі болмақ, - деді Гейбрейесус.

Ол ең бай 49 мемлекеттің тұрғындары 39 миллионнан астам вакцина дозасын алғанын, ал ең кедей елдердің бірінде тек 25 вакцинация жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүкіл адамзат үшін вакцинацияға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарына қауіп төніп тұр.

Желтоқсан айының соңында ДДСҰ басшысы әлемді коронавирустық пандемияға байланысты жаңа сынақтар күтіп тұрғанын ескерткен еді. Ол дүние жүзін жаңа SARS-CoV-2 мутацияларын тиімді жеңіп шығу үшін ақпаратпен бөлісуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы