ДДСҰ: Әлемде тәулігіне 464 мың адамнан COVID-19 анықталды

1 Қазан 2021, 07:40
1906
Бөлісу:
ДДСҰ: Әлемде тәулігіне 464 мың адамнан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте әлемде 464 610 жаңа коронавирус инфекциясы тіркелді, кем дегенде 8642 адам COVID-19-дан қайтыс болды. Мұндай мәліметтерді 30 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынды.

Пандемия басталғалы бері бүкіл әлемде 233 136 147 коронавирус инфекциясының тасымалдаушылары анықталды, 4 771 408 аурудан қайтыс болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын ДДСҰ тәулігіне 407,664 адамның вирус жұқтырғаны және 7202 науқастың коронавирустан көз жұмғаны туралы хабарлаған.


Өзгелердің жаңалығы