Бас жаңалықтар
ДДСҰ: Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлау қажет
18 Қыркүйек 2020, 15:05 125

ДДСҰ: Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлау қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем елдерінің үкіметтері және денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің басшыларын медициналық қызметкерлер мен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне жүйелі түрде қауіп төндіретін факторларды жою бойынша шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды who.int.

ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейюс COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің адам өмірін сақтап қалу және қайғы-қасіретті жеңілдетудегі рөлін атап өтті. 

Егер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмесе, ешбір ел, аурухана немесе медициналық мекеме пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. ДДСҰ дайындаған медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік Хартиясы медицина қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын, тиісті дайындықты, лайықты жалақы мен құрметке ие болуды қамтамасыз етудегі қадам болып саналады, - деді ол.

Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен қоғам өмірінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау мәселесінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді.

COVID-19 пандемиясы аясында медицина қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері бұрын-соңды болмаған жоғары қауіпке тап болды. ДДСҰ-ның түрлі аймақтарындағы бірқатар елден түскен мәліметтер бойынша, медицина қызметкерлері арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар халықтың орташа деңгейінен әлдеқайда жоғары екені байқалады.

Көптеген елде медицина қызметкерлері халықтың 3%-ын құрайтынына қарамастан, оларға Сovid-19 жағдайларының түсетін үлес көлемі шамамен 14%. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш 35% дейін жетуі мүмкін. Бұл ретте инфекцияның нақты қай жерде - жұмыс орнында немесе емдеу мекемесінен тыс жерде болғанын анықтау үшін келіп түскен деректердің көлемі мен сапасы жеткіліксіз. Қалай дегенмен де, әлем бойынша мыңдаған медицина қызметкері COVID-19-дан қайтыс болды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...