ДДСҰ коронавирустың вьетнамдық штаммын жоққа шығарды

30 Шілде 2020, 12:30
1074
Бөлісу:
ДДСҰ коронавирустың вьетнамдық штаммын жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне ДДСҰ-ның Вьетнамдағы филиалының өкілі Кидон Парк хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жақында Вьетнамда табылған "агрессивті" коронавирус штаммы туралы хабарларға байланысты дүрбелеңнің негізсіз екенін мәлімдеді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, бұл жұқпалы немесе қауіптілік дәрежесі бойынша әлемнің басқа елдерінде анықталған вирус түрлерінен ерекшеленбейді.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне ДДСҰ-ның Вьетнамдағы филиалының өкілі Кидон Парк хабарлады. Парк Сovid-19 вирусының шілде айында да  мутацияланғанын мойындады. Сонымен қатар, оның вьетнамдық Дананг курортында тіркелген штаммы қалғандарына "ұқсас".

Бұған дейін Вьетнам билігі Данангтан 80 мың туристі эвакуациялай бастаған еді. Бүкіл ел бойынша обсервацияға 15 мыңнан астам адам жіберілді. Жергілікті вирусологтардың айтуынша, елде коронавирустың бұрын кездеспеген жаңа түрі анықталған.

Өзгелердің жаңалығы