ДДСҰ өкілі: Денсаулық та – капитал

4 Сәуір 2019, 19:02
2352
Бөлісу:
ДДСҰ өкілі: Денсаулық та – капитал
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде айтылды.

Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честновтың айтуынша, денсаулық та – капитал.

«Қазақстанда ауырып қалған жағдайда дәрігердің көмегін тегін түрде алуға мүмкіндік бар. Дамыған мемлекеттерде мұндай артықшылық жоқ. Қазақстан медициналық көмекке қатысты құқығы қорғалған 20 мемлекеттің ішіне кіреді», - дейді Олег Петрович.

Олег Честнов емделу – қымбат тұратын рахат екенін айтады.

«Адамдардың көбі дәрігерге көмектесу мүмкін емес жағдайда келеді. Бұрын дәрігерлер науқасты емдеумен ғана айналысса, қазір салауатты өмір салтын ұстануға шақырумен де айналысады. Әңгіме адамның өлмеуі керек екендігі туралы емес, басты мәселе – берілген ғұмырды денің сау күйде өткізу», - дейді ол.

Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту дәстүрі барлық денсаулық сақтау жүйесінің қызметімен, қауіпті аурулардың алдын алумен тығыз байланысты. Қант диабеті, қатерлі ісік және жүрек аурулары сияқты инфекциялық емес аурулар дүние жүзіндегі барлық өлім-жітімнің 70% астамының себебі болып отыр. Бұл сан 30 жастан 69 жасқа дейінгі адамдардың мезгілсіз өлімінің 15 миллионын қамтиды. мұндай аурулардың қаралуының өсуі - темекі тарту, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, алкоголь ішу, дұрыс тамақтанбау сияқты мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларынан туындайды.

Өзгелердің жаңалығы