Бас жаңалықтар
ДДСҰ: COVID-19-бен күресте бірқатар ел дұрыс бағыт таңдамады
14 Шілде 2020, 10:52 155

ДДСҰ: COVID-19-бен күресте бірқатар ел дұрыс бағыт таңдамады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің көптеген елінде COVID-19-бен күрес дұрыс ұйымдастырылған жоқ. Бұл туралы 13 шілде күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді деп жазды korrespondent.net.

Бірқатар ел дұрыс бағыт таңдамады. Коронавирус қоғамның негізгі жауы болып қала береді, алайда көптеген үкімет пен адамдардың әрекетінен мұны аса сезінбейтінін байқаймыз, - деп атап өтті ол.

Алайда, ДДСҰ басшысы нақты қандай елдер туралы сөз болып отырғанын нақтыламады. Бірақ әрбір мемлекетте "өз азаматтарын нақты және уақтылы хабардар етіп, инфекциямен күресуді тұтас қамтитын стратегияны іске асыру" қажеттігін қадап айтты.

Гебрейесус, сондай-ақ, егер қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі принциптерін ұстанбаса, жағдайдың нашарлайтынын ескертті.

Әрбір көшбасшы, әрбір үкімет және әрбір адам вирустың берілу тізбегін үзуге және ұжымдық дертті тоқтатуға өз үлесін қоса алады. Барлығымыз тиімді вакцинаға үміттенеміз, бірақ тізбектерді үзу және адам өмірін құтқару үшін иелігімізде бар құралдарды пайдалануға баса назар аударуымыз керек, - деп атап өтті ДДСҰ басшысы.

Бұған дейін Гебрейесус COVID-19 инфекциясының пайда болу жолын зерттеуді аурудың алғашқы ошағы тіркелген Қытайдың Ухань қаласынан бастау керегін айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...