ДДСҰ 5 жасқа дейінгі балалардан маска талап етпеуді ұсынды 

23 Тамыз 2020, 12:54
1944
Бөлісу:
ДДСҰ 5 жасқа дейінгі балалардан маска талап етпеуді ұсынды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қоры 5 жасқа дейінгі балалардан COVID-19 пандемиясына байланысты бетперде тағуды талап етпеуді ұсынды, деп жазылған ақпараттық бюллетеньде.

5 және одан кіші жастағы балалардан маска тағуды талап етпеу керек. Бұл баланың қауіпсіздігі мен жалпы мүддесіне, сондай-ақ масканы минималды көмекпен дұрыс пайдалану қабілетіне негізделген, - делінген ұсыныста.
Егер бала 6-11 жас аралығында болса, ДДСҰ және ЮНИСЕФ ұсынымдарына сәйкес маска  пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде бірқатар факторды ескеру қажет. Мұнда вирустың бала тұратын жерде таралу деңгейі, оның масканы қауіпсіз және дұрыс пайдалану қабілеті, ересектердің тиісті бақылауы, маска тағудың оқу мен психоәлеуметтік дамуға ықтимал әсері, сонымен қатар, қорғаныс маскаларына қол жеткізу, оларды өзгерту және жуу мүмкіндігі туралы айтылып отыр.

Ұйымдағылар 12 және одан жоғары жастағы балалар ересектермен бірдей бетперде тағуы керек, деп есептейді.
ДДСҰ мен ЮНИСЕФ 12 жастан асқан балаларға ересектер сияқты маска тағуды ұсынады. Атап айтқанда, олар басқа адамдардан кемінде 1 метр қашықтықты сақтауға кепілдік бере алмаған кезде және вирус кең таралған жерде ұсынылады, - делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да масканы 5 жасқа дейінгі балалардың тағуына міндетті емесін айтқан болатын.



Өзгелердің жаңалығы