ДДҰ Танзанияда Эбола безгегіне ұшырағандар санын анықтамақ

22 Қыркүйек 2019, 16:23
1459
Бөлісу:
ДДҰ Танзанияда Эбола безгегіне ұшырағандар санын анықтамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өз баяндамасында Танзания науқастардың санын жасырып отыр дейді. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Танзания Эбола безгегіне шалдыққандар саны туралы ақпаратты жасырып отыр деген мәлімдеме жасады. Бұл жайлы ДДҰ сайтында хабарланған.

10 қыркүйекте Дар-эс-Салам қаласында ер адам қайтыс болған. Ол Эбола ауруына шалдықты деген болжам жасалды. ДДҰ мамандары көз жұмған азаматпен байланыста болған адамдардың қайда жүргенін білу үшін сауал жолдайды. Сол күні ДДҰ қалада осы қауіпті вирустық инфекцияға шалдығуы мүмкін тағы бірнеше тұрғынның бар екенін анықтайды.

ДДҰ мәліметінше, қазір оларда пациенттердің нақты саны туралы ақпарат жоқ.

"ДДҰ бірнеше сауал жіберсе де, Танзания билігінен осы оқиғалар туралы толық мәлімет алмаған", - делінген ұйым сайтындағы хабарламада.

Сол себептен ДДҰ сарапшылар тобы Танзанияға аттанған. Олар науқастардың нақты санын анықтап, адам өлімі фактілеріне тергеу жүргізбек.

Өзгелердің жаңалығы