Бас жаңалықтар
Дауыс беруге құқығы бар Қазақстан азаматтарының 12,8% өз таңдауын жасап үлгерді
09 Маусым 2019, 10:33 307

Дауыс беруге құқығы бар Қазақстан азаматтарының 12,8% өз таңдауын жасап үлгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дауыс беруге құқығы Қазақстан азаамттарының 12, 8%-ы өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов айтты.

"Еліміздің облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша 2019 жылғы 9 маусым 10-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8%-ы өз таңдауларын жасап үлгерді. Яғни, сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 20,5, Ақтөбе облысы бойынша – 16, Алматы облысы бойынша – 17,7, Атырау облысы бойынша – 8,5, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 15,5, Жамбыл облысы бойынша – 16,5, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 7,4, Қарағанды облысы бойынша  10,1, Қызылорда облысы бойынша – 11,1, Қостанай облысы бойынша – 12,8, Маңғыстау облысы бойынша – 9,7, Павлодар облысы бойынша – 11,4, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,2, Түркістан облысы бойынша – 14,5, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,3, Алматы қаласы бойынша – 4,1, Шымкент қаласы бойынша – 11,9%", - деді Ақылбек Ихданов.  

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы әрбір екі сағат бойынша сайлауға қатысты ақпарат таратып тұрады.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық