Дауыс берудегі жастардың қарқыны қуантады – қоғамдық ұйым сарапшысы

9 Маусым 2019, 19:12
1999
Бөлісу:
Дауыс берудегі жастардың қарқыны қуантады – қоғамдық ұйым сарапшысы
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беру процесін кемінде 7-ден 12-ге дейін бақылаушылар қадағалап отыр.

Олардың қатарында «Аманат» азаматтық тұғырнамасының да өкілдері бар.

«Аманат» азаматтық платформасы сайлаушылармен жұмыс жүргізу мақсатында сәуір айының соңында құрылған. Ұйым республика көлемінде 10 мыңға жуық өкілін дайындады. Қазір Қостанай облысындағы 500-ден астам учаскеде бақылаушылары отыр.

«Облыстағы барлық ауданда өкілдеріміз бар. Жұмысымыз екі апта бұрын басталған. Кеңестер, талдаулар жасалды. Осы жылы жастардың қарқыны қуантады. Оны сайлауға дейінгі кездесулерде аңғардық. Студенттер туралы әңгіме басқа, мен қызметі барлар мен жұмыссыз жастар туралы айтып тұрмын. Бақылаушыларымызға ескертілгендей, қандай да бір заңсыздық туындаса, оны бірінші болып байқап, түзетуі керек», - дейді ұйымның Қостанайдағы сарапшысы Римма Бектұрғанова.

Сарапшының сөзіне сүйенсек, ұйымның барлық мүшесі – ерікті.

«Азаматтық платформаның негізгі бес бағыты айқындалған. Ол: бақылау, сайлаушылардың құқығын қорғау, адалдық, ашықтық және қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнату», - дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы