Дауыс беру аяқталды: санақ жүріп жатыр

9 Маусым 2019, 22:40
2419
Бөлісу:
Дауыс беру аяқталды: санақ жүріп жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайлаушылар тізіміне тіркелген қазақстандықтардың 77,4% дауыс беруге келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен сайлауқа қатысушылар санын алдын ала есептеу қорытындысы бойынша брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен  мәлімдеді.


«2019 жылдың 9 маусымында өткен ҚР президентінің кезектен тыс сайлауда сайлаушыларды дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындылары туралды мәліметті ұсынамыз. ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес президентті сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін өтсізіледі. Қазір еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары қазіргі уақытта дауыстарды санауға кірісті. Сайлау учаскесінде санау бастағаннан кейін 12 сағат ішінде аяқталу тиіс», - деді Ләззат Сүлеймен.

Сайлаушылардың 77,4% дауыс беруге келген.

«Саулауға қатысушылардың санына байланысты алдын ала қорытындысы бойынша 2019 жылғы 9 мауcым 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  77,4 % сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83,4%,  Ақтөбе облысы бойынша 84,9%, Алматы облысы  бойынша 89%, Атырау облысы бойынша  71,2%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,9%, Жамбыл облысы бойынша 81,3%, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,3%, Қарағанды облысы бойынша 77,3%, Қызылорда облысы бойынша 81,6%, Қостанай облысы бойынша 84,1%, Маңғыстау облысы бойынша 68,9%, Павлодар облысы бойынша 81,2%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8%, Түркістан облысы бойынша 84,8%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,9%, Алматы қаласы бойынша 52,2%, Шымкент қаласы бойынша 67,6 % дауыс берді», - деді ОСК мүшесі.
Өзгелердің жаңалығы