Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

18 Сәуір 2019, 11:00
1670
Бөлісу:
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Жамбыл облысында дауылды ескерту жариялады. 

«19 сәуірде Жамбыл облысында кей жерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Тараз қаласында: 19 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі. Күндіз кей уақытта найзағай, күтіледі бұршақ болуы ықтимал», - делінген хабарламада. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы