Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ жауып, аяз болады

11 Мамыр 2021, 04:30
1793
Бөлісу:
Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ жауып, аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды.

11 мамырда Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 11-12 мамырда тұман болып, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай, солтүстік-батыстан және солтүстік-шығысқа соққан жел 15-20 м/с болады.

Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы