Дауыл Қостанай облысын да біраз әбігерге салды

8 Сәуір 2020, 23:46
1973
Бөлісу:
Дауыл Қостанай облысын да біраз әбігерге салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында қатты боран мен желдің салдарынан 87 әлеуметтік нысанның шатыры қираған. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды.

Облыс әкімі бүгін қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізіп, ауа райының салдарынан зақым келген нысандарды қалпына келтіру бойынша жиын өткізді. Өңір басшысына әр ауданның әкімі есеп беріп, жағдайды баяндады. 

Бүгін қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізіп,оның барысында олар қолайсыз ауа-райының салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты біздің облысымыздың 10 өңірінде 87 әлеуметтік нысанның шатыры зақымдалды. Бүгінгі таңда 3 өңірдегі 5 нысанның шатыры қалпына келтірілді, ал қалған нысандарды жөндеу қысқа мерзімде аяқталады және жеке бақылауда. Қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың жауапты басшыларына бүлінген нысандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым, - деп жазды облыс басшысы Instagram парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы