Бас жаңалықтар
Дәурен Ақшалов квазимемлекеттік ұйымдардағы комплаенс қызметі туралы айтты
21 Қыркүйек 2021, 11:53 115

Дәурен Ақшалов квазимемлекеттік ұйымдардағы комплаенс қызметі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов мәлім етті.

Оның айтуынша, комплаенс қызметі қоғам арасында кең таралып үлгермеген. Бұл ұғым белгілі бір түсініксіздіктер тудырып келеді.

Комплаенс – заңдарды және ішкі құжаттарды сақтай отырып, бизнес жүргізу мәдениетін енгізудің қарапайым тетіктері деуге болады. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – халықаралық үрдістер мен тәжірибелерге сонымен қатар заңнамалардың мемлекеттің заңдарына сәйкестігін тексеру, мониторинг жүргізу. Оның ішінде талдап, сараптау. Қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа немесе Әдеп кодексінің бұзылуына жол бермеу, - дейді ол.

Сонымен қатар ол Кеңес Одағынан ыдыраған мемлекеттердің көбінде аталған қызмет түрінінің жоқ екендігін сөз етті. Оның мәлімдеуінше, бағдарлама аясында еліміздің квазимемлекеттік ұйымдары ең үздік тәжірибе жинауда.

Халықаралық тәжірибеге сай шетелдік биржаларда өзіңіздің құнды қағаздарыңызды орналастыру керек болады. Мұндай жағдайда сізге комплаенс құжаттары болуы тиіс. Бұл жердегі комплаенс қызметінің маңызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. Мәселен, шетелдік компаниялар қандай да мемлекетте филиалдарын ашса, олар сол елдің комплаенс қызметіне бағынуы тиіс. Бұзған жағдайда қомақты айыппұл төлейді. Еліміздің компанияларында осындай қызметтің пайда болуы үлкен жетістік деп ойлаймын, - деді Дәурен Ақшалов.



Фото: дереккөз
Загрузка...