Абаев: «Сөзтүзер» – ана тілімізге қажетті тың дүние

6 Қыркүйек 2021, 18:05
2806
Бөлісу:
Абаев: «Сөзтүзер» – ана тілімізге қажетті тың дүние
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлім етті.

Оның айтуынша, «Сөзтүзер» сөздігі - туған тілді тұғырына нық қондыруға арналған нақты жоба. Ол тек тіл мамандарына ғана емес, кино, сериал және мультфильмдегі аудармаларға да қажет дүние.

Абаев: «Сөзтүзер» – ана тілімізге қажетті тың дүние

Ардақты ағайын! Бүгін біз «Сөзтүзер» атты қате қолданыс сөздігінің тұсаукесерін өткіздік. Бұл - БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің қолданысын реттеуге және ана тілдің тазалығын сақтауға арналған жоба. Соңғы кезде қазақша баспасөз бен телерадио тілінде әртүрлі қателердің белең алғаны жиі айтылып жүр. Уақыт өткен сайын ондай қателер күнделікті қолданысқа еніп кетуі мүмкін. Одан ана тіліміздің табиғаты бұзылып, сауаттылық деңгейіміздің төмендеуі ықтимал, - деді ол.
Абаев: «Сөзтүзер» – ана тілімізге қажетті тың дүние

Абаевтың мәлімдеуінше, ана тілімізді қолдау мақсатында нақты қадамдар жасалды. Бұл үшін тіл мамандары бірнеше ай еңбек етті. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл үшін тың дүние әзірленді.

Сол себепті біз осы мәселені шешу үшін беделді ғалымдар мен тіл мамандарын жинап, бұл сөздікті жасап шығардық. Сөздікте жиі кездесетін 2 мыңнан аса қате жинақталған. Олар жан-жақты түсіндіріліп, дұрыс нұсқасы көрсетілген. Негізінен стильдік және емлелік қателер, сонымен қатар, калька атаулар, яғни, жүйелі қателер іріктелген. Әрине, бұдан кейін тіл тазалығы мәселесі бірден шешіліп кетеді деуге болмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы