Бас жаңалықтар
Дәурен Абаев әлеуметтану ғылымының мемлекет үшін маңыздылығын айтты
15 Қазан 2021, 11:18 73

Дәурен Абаев әлеуметтану ғылымының мемлекет үшін маңыздылығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан әлеуметтанушыларының VII Конгресінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев әлеуметтану саласының мемлекет үшін маңыздылығын айтты.

Бүгінгі іс-шара бүкіл қазақстандық әлеуметтану ғылымының мамандарын жинады. Осы ретте сіздердің жұмыстарыңызға алғыс айтқым келеді. Әлеуметтану өте маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл шындықты түсінуге көмектесетін сала. Ол қоғам мен мемлекет үшін әлемнің бейнесін жасайды. Қазір мемлекет мүлдем басқа форматтағы әлеуметтік зерттеулердің ірі тапсырыс берушілерінің біріне айналды, - деді Абаев.
Оның айтуынша, мемлекеттік аппараттың үлкен көлемдегі мәліметтер мен зерттеулерге деген ұзақ мерзімді қажеттілігі әлеуметтанулық білімге, дағдыға және тәжірибеге институционалды сұранысты тудырады. Ал тұрақты сұраныс саланы және жалпы әлеуметтану мектебін дамытуға көмектеседі.
Былтырғы жылдары қоғамдық-саяси жағдай мен электоралдық мониторинг өлшемдерінен бастап мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индикаторларын өлшеуге дейін қалай қалыптасқанын білесіздер. Ел Президентінің әкімдердің қызметін азаматтар тарапынан бағалау жөніндегі бастамасы мемлекет тарапынан маңызды қадам болды. 2019 жылдан бастап мұндай бағалау жыл сайын жүргізіледі, әзірге олар жылына 2-3 өңірді қамтиды, бірақ бағалау тығыздығы мен тереңдігі үлкен ауылдық округтерге дейін жетеді, - деп атап өтті Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев форумда.
Еске сала кетейік, елордада Қазақстан әлеуметтанушыларының VII Конгресі өтіп жатыр.

Фото: дереккөз
Загрузка...