Бас жаңалықтар
Тоқаев дарынды балаларға: Еліміздің лайықты азаматы болатындарыңа сенімдімін
01 Маусым 2019, 13:07 1667

Тоқаев дарынды балаларға: Еліміздің лайықты азаматы болатындарыңа сенімдімін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

"Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін", – деді Қазақстан Президенті.

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін «Ақорда» резиденциясында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді. 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық