Бас жаңалықтар
Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
25 Наурыз 2019, 15:45 303

Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.

Дархан Аманұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы: тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқару менеджері. Саяси ғылымдар докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. 

Білім және мәдениет; ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 

2002 жылдан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған;

2007-2008 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары;

2008-2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары;

2009-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болды.

2019 жылы 1 наурыздан қазіргі уақытқа дейін — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Сізден жаңалық