Дәрілердің шекті бағасын қайдан көруге болады?

15 Шілде 2020, 16:52
2700
Бөлісу:
Дәрілердің шекті бағасын қайдан көруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі ресми парақшасынд өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтып берді.

Денсаулық сақтау бойынша біздің кодексіміз бар, сол кодекс бойынша ДСМ жылына екі рет дәріханаларда немесе жаппай сауда қоймаларындағы шектеу бағаларын бекітеді. Оны біздің азаматтар www.adilet.zan порталы арқылы тексере алады. Екіншіден, dari.kz атты мобильді қосымша жасалды. Соған келген дәрінің атын енгізсеңіз, дәріге қандай шекті баға қойылғанын білуге болады. Тіпті дәріханаға келіп, дәрінің штрих-кодын мобильді қосымшағы арнайы сканерден өткізу арқылы кез келген дәрінің шекті бағасын біле аласыз. Егер баға шекті мөлшерден өскен болса, экранның бұрышында орналасқан арнайы функция арқылы бізге арыз беруге болады. Қазіргі таңда осындай 135 арыз келіп түсті. Бұл арыздар арқылы біздің өңірлік департамент өкілдері барып, дәріханада тиісті әкімшілік іс шаралар жүргізеді, - деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев дәрі бағасын шектен тыс көтерген азаматтар мен мекемелер қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Әкімшілік кодекске сәйкес, егер дәрі бағасы шекті бағадан жоғары болатын болса, онда жеке тұлғаға 70 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) жоғары айыппұл салынады. Ал, егер үлкен дәріхана болатын болса, онда 1000 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер бір жерден дәрі бағасын өсіру фактісі екінші рет анықталса, онда лицензиясынан айырылады. Яғни, дәріхананың жұмысына шектеу қойылады, - деді Сұлтанғазиев.
Өзгелердің жаңалығы