Арыс тұрғындары денсаулығының қауіп факторларын жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде

27 Маусым 2019, 15:47
1516
Бөлісу:
Арыс тұрғындары денсаулығының қауіп факторларын жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Теміржол ауруханасының дәрігерлері тәулік бойы түсіп жатқан Арыс қаласы тұрғындарының өмірін құтқаруда. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Арыс қаласының тұрғыны, төртінші баласына жүкті көпбалалы ана Әйгерім Алмаханова үйі толығымен қопарылып, түгі қалмағынын айтып берді. Есеңгіреген күйде бала-шағасын алып қашқан оны жол-жөнекей кетіп бара жатқан адамдар Шымкентке дейін жеткізіп тастаған. Босануына мерзімі жақындаған әйел жолда босанып қаламын деп қатты қорыққан. Бақытына орай, өзінің де іштегі баласының да қазір жағдайлары жақсы.

Ол Шымкент қаласындағы Теміржол ауруханасының дәрігерлеріне көрсеткен көмектері, кәсіби шеберліктері, шапшаңдығы және мейірімділігі үшін үлкен ризашылығын білдіруде.

Дәрігерлер қорқыныш, уайым, организмге түскен үлкен жүктеме сынды қауіп факторларын жоюға бағытталған барлық шаралар кешенін жүргізді.

Бұл медициналық ұйымдар өткізетін профилактикалық жұмыстағы тиімділіктің, алдын алу шараларының маңыздылығын растайды. Тұрғындар скринингтік тексерулерден уақытылы өту, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту, ал жүкті әйелдер – жүктілігі бойынша есепке уақытылы тұру арқылы аурудың алдын алу қажет екендігін түсінулері қажет.

Сондай-ақ Арыс қаласының дәрігерлері секілді, олардың Ордабасы ауданындағы, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларындағы, Жамбыл облысындағы, санитариялық авиациядағы әріптестері күндіз-түні зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы