Бас жаңалықтар
Дәрігердің жағдайын жасау арқылы медицинадағы кадр тапшылығын шеше аламыз – депутат
12 Ақпан 2021, 12:28 288

Дәрігердің жағдайын жасау арқылы медицинадағы кадр тапшылығын шеше аламыз – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында «Antikor.LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында  Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова айтты.

Медицина саласының  ең маңызды бағыты – қаржыландыру мәселесі. Негізі дамыған елдер денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мөлшері ЖІӨ есебінен орташа есеппен 7%-ға жеткізеді. АҚШ-та бұл көрсеткіш 16%-ға жеткізген. Алайда, қаражат көп бөлінгенімен, бүгінде бұл елдің 30-35 миллион азаматы медициналық көмекті ала алмайтын жағдайда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ЖІӨ-нің 7%-ы медицина саласын қаржыландыруға жұмсалуы керек деген тұжырым жасаған болатын. Біздің елде бұл көрсеткіш бір жылдары 1,9%-ға түсіп кеткен кездер болды. Қазіргі таңда сәл де болса, көтеріліп, 3,9-4%-ға жетіп қалды, - дейді ол. 

Спикер бұл бағытта жұмсалатын қаражаттың жолдары көп екенін айтады. Ең алдымен, кадр дайындау бағыты. Себебі, сапалы медицина кадрын дайындау медицина университеттерінде бастау алады. 

Біз бұл мәселеге қыркүйек айында зерттеу жүргіздік. Соңғы рет Қазақстандағы университеттердің дәрігер дайындайтын тарифтері 609 мың теңгенің көлемінде 2011 жылы бекітілген екен. Сол жылдары бір педагогты дайындау үшін 340 мың теңге керек еді. Соңғы 9 жыл ішінде медицина саласы 609 мың теңгенің деңгейінде қалып қойса, педагогқа бөлінетін қаражат 1 миллион 100 мың теңгеге дейін өскен. Осы мәселе бойынша соңғы 3-4 айдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі біздің ұсыныстарымызға сәйкес, жаңа методика шығарып, оны бекітіп, нәтижесінде 2021 жылы жаңадан келетін түлектерге бөлінетін қаражат едәуір өспек, - деді ол.

Ақмарал Әлназарова қозғаған тағы бір мәселе – дәрігерлердің жалақысын көтеру. Мемлекет басшысы да өзінің кезекті Жолдауында 2023 жылға дейін дәрігерлер жалақысын айтарлықтай деңгейге көтеру мәселесін айтқан болатын.

Мысалы, бізде әр дәрігердің жұмыс ерекшелігі әр түрлі. Реаниматордың алатын жүктемесі мен жұмысы жеңілдеу басқа дәрігердің жүктемесін салыстыруға болмайтын ерекшеліктер 2015 жылы Үкіметтің №1193 қаулысымен бекітілген. Қазір біз бұл қаулыға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін көтеріп отырмыз. Мысалы, инфекционистердің үстемеақысы 20% болса, хирургтар - 200%, реаниматор - 200% болып бекітіліп кеткен. Бұл жерде  20%-дан 200%-ға көтеру деңгейінің айырмашылығы көп болып тұр. Қазір осы мәселені шешу керекпіз. Кадрға байланысты мәселеге қайта оралсақ, егер дәрігердің білімі жоғары, айлығы жақсы болса, жағдайы жасалса, ол медицина саласында тұрақты жұмыс істейді. Біздің елде кадр тапшылығы бойынша мәселе бар. Жағдай жасалмағаннан кейін талай маман жеке сектор немесе мүлдем медицинадан алыс салаларға ауысып кетіп жатыр. Сондықтан, біз дәрігердің жағдайын жасау, статусын көтеру арқылы медицина саласының мәселесін түбегейлі шеше аламыз, - деді ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...