Қарағандыда операцияға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты

17 Тамыз 2019, 10:12
1963
Бөлісу:
Қарағандыда операцияға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігер-ренаиматологті шұғыл операцияға шақыртқан көрінеді. Алайда, аурухананың алдындағы көшеден өтіп бара жатқан дәрігерді көлік қағып кеткен.

Liter.kz хабарлауынша, реаниматологтің жағдайы өте ауыр. 

"Полицейлер дәрігерді қағып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады. Жол апаты абайсызда болғандықтан, көлік иесі қамауға алынбады", - делінген хабарламада.

Жүргізушінің сөзінше, ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға шыққан адамды көрмей қалған.

Қатты соққы тиген көлікті тергеушілер алып қойып, полицейлердің аудандық бөлімінің аумағына апарды.

Ал бірнеше жері сынған дәрігер ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Өзгелердің жаңалығы