Дәрігер вакцина салдырғандарға неден аулақ болу керектігін айтты

3 Сәуір 2021, 16:27
6704
Бөлісу:
Дәрігер вакцина салдырғандарға неден аулақ болу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ленгір қалалық емханасының жалпы практикалық дәрігері Әйгерім Сүлейменова вакцина салдырған адамдар неден аулақ болу керектігін айтты.

Ленгір қалалық емханасында коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр. Бірінші компонент бойынша 575 доза вакцина алынды. Оның ішінде 475-ін медицина қызметкерлері, 70-ін мұғалім, полиция қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық станса қызметкерлері және әкімдік қызметкерлері алды, - дейді дәрігер.
Вакцинаның екінші компоненті бойынша 415 доза алынды. Оның ішінде 150 доза вакцина медицина қызметкерлеріне салынды.

Өз кезегінде дәрігер халықты COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруға шақырды.

Өзім вакцинация және ревакцинация салдырдым. Ешқандай жанама әсерлері болған жоқ. Жалпы барлық инфекциялық аурудың алдын алу үшін вакцина егілуі қажет, - деп айтты ол.
Әйгерім Сүлейменованың сөзінше, вакцина салдырғаннан кейін өмір бойы ауырмайды екен деген түсінік дұрыс емес. 
Адам вакцинациядан кейін екі жыл ауырмауы мүмкін. Екпе алғаннан кейін адам ауру жұқтырып алған жағдайда ол жеңіл түрінде өтеді. Вакцинаны салдырғаннан кейін адамда температурасы көтірілуі, денесінің ауырсынуы, аллергиялық бөртпе болуы мүмкін. Сондай-ақ екпе алғаннан кейін адамды үш күн бойы шомылудан, алкоголь өнімдерін тұтынудан аулақ болуға шақырамыз, - деді дәрігер.
Сонымен қатар вакцина алған адамның дене қызуы көтерілсе, онда парацетамол дәрісін ішуі қажет. Одан бөлек, аллергиялық бөртпе пайда болса, учаскелік дәрігерлерге хабарласуы қажет.

Сондай-ақ, коронавируспен ауырған адамдарға 6 айдан кейін екпе салуға болады. 

Еске сала кетейік, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау басталды

.
Өзгелердің жаңалығы