Дәрігер күріш жеуге болмайтын ауруларды атады

23 Тамыз 2021, 13:47
14773
Бөлісу:
Дәрігер күріш жеуге болмайтын ауруларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог дәрігер қандай аурулар кезінде күріш жеуге болмайтынын айтты. 

Сондай-ақ күріштің денсаулыққа пайдасы мен кімге зиян екенін атап өтті, деп жазды РИА Новости.

Мамандар күріш – диеталық өнім екендігін, пісірілген дақылдың 100 грамм өнімінде небәрі 110-120 калория бар деп отыр. Күрделі көмірсулар ұзақ уақытқа дейін тоқтық сезімін сыйлап, артық тамақ жеудің алдын алатын көрінеді. Ал күріште май 100 грамында небәрі 2,6 грамды құрайды.

Күріш организмге жеңіл сіңеді және диарея, іштің кебуі сынды асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде пайдалы. Жіті гастрит кезінде суға піскен күріш ботқасын жеу ұсынылады. Диетологтардың айтуынша, ағзаңыз іш қатуға бейім болса, аптасына екі реттен артық күріш жемеген дұрыс деп отыр.

Семіздік болған жағдайда күрішті рационнан алып тастау қажет. Себебі ол ішек перистальтикасының проблемасын күшейтеді. Ақ күрішті диабетке шалдыққан жандарға жемеген жөн. Оның гликемиялық индексі – 70, ал сүт қосылған күріш ботқасыныкі – 75-ті құрайды. Дені сау адамға да күніне 200 грамнан артық күріш жемеген абзал, - деді диетолог Ольга Кораблева.

Өзгелердің жаңалығы