Бас жаңалықтар
Дәрігер: «Көк» мәртебе коронавируспен ауырмайтындығыңызға кепілдік бермейді
25 Маусым 2021, 17:45 1176

Дәрігер: «Көк» мәртебе коронавируспен ауырмайтындығыңызға кепілдік бермейді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жүз мыңнан астам адам вакцинаның алғашқы дозасын алды, ал 65 мың адам толығымен егілді. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Оның айтуынша, міндетті контингент қатарындағы мемлекеттік қызметкерлер 100% егілді. Медицина қызметкерлері - 64%, педагогтар - 53%, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары - 7,5%, студенттердің 6,6%-ын құрап отыр.

20 адамнан асатын ұжымда вакцинацияланбаған қызметкерлер апта сайын ПТР-тестілеуден өтуі керек. «Көк» мәртебе сіздің ауырмайтындығыңызға кепілдік бермейді. Әсіресе агрессивті жаңа дельта штаммы жағдайында қауіп көп. Сондықтан вакцина алу керек. «Көк» мәртебе тек сіз ресми түрде ауырмағаныңызды, ПТР оң емес екенін көрсетеді, – деп түсіндірді Айнагүл Мусина.

Оның сөзінше, дельта штамы аймақта табылмағанымен, бірнеше науқаста күдік бар.

Біз инфекционистермен сөйлестік, бірнеше науқастарда «Үнді» штамына тән белгілер бар деген күдік бар. Растау үшін сынамалар тексеруге жіберіледі. «Үнді» штамының жұғу қаупі «Британдық штамнан» екі есе көп. Бірақ науқастарға қандай жағдайда болмасын ем жүргізіледі. Олар басқалар сияқты оқшауланады, - деп толықтырды Мусина.

Өңірге 264 200 доза вакцина келіп түскен. Облыста 510 нысан ASHYQ жобасына қатысады.

Ақмола облысының аумағында ASHYQ жобасын енгізу басталғаннан бері «карантиндік» мәртебеге ие болып, мекемелерге кіруге тырысқан 109 фактіні анықталды. 18-24 маусым аралығында 16 карантин бұзушы анықталды. Степногорск және Макинск қалаларының екі тұрғыны «қызыл» мәртебесімен ХҚКО-ға өтуге тырысты. Оларға заңға сәйкес 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Көкшетау мен Макинск қалаларынан келген тағы екі азаматта үй карантині мерзімі аяқталмағаны белгілі болды. Оқшаулау аяқталғаннан кейін оларға әкімшілік жаза қолданылады. 10 маусымнан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енді. Енді КВИ-мен ауыратын немесе байланыста болған науқастар міндетті оқшаулау режимін сақтауы керек. Талапты орындамағандарға 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, - деді Айнагүл Мусина.

Оның мәліметінше, егер мекемеде үш күннен артық тексеру жүргізілмесе, онда бұл заң бұзушылық.

Осындай фактілер анықталған жағдайда, мұндай нысандар жобаға кем дегенде екі аптаға қайта қосу мүмкіндігімен шығарылады. Қайталап бұзған жағдайда алып тастау мерзімі екі айды құрайды. Қазірдің өзінде 10 кәсіпкерлік нысаны жобадан алынып тасталды, олардың QR-кодтары өшірілді, – деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

Жоба қатысушыларына «Ashyq көшбасшылары» мәртебесі беріледі. Ол екі аптаға бекітіледі. Бүгінгі таңда облыс бойынша алты нысан бөлінген, оларда екі апта ішінде QR-кодтар бойынша (check-in) 1 000-нан астам келушілер тіркелген. Енді ірі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинациясыз жұмысқа шектеулер енгізілуде. Бас тартқан жағдайда олар міндетті ПТР-тестілеуден өтеді.

Сондай-ақ ASHYQ жобасына қосу үшін барлық қызметкерлерді вакцинациялау қажеттілігі туралы талап енгізіледі. ASHYQ міндетті түрде сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түлік емес базарларды қамтиды, - деп атап өтті Айнагүл Мусина.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...